ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТЫП КЕЛУГЕ КУӘЛІКТІ АЛУ
Қазақстан Республикасына қайтып келуге куәлікті ресімдеу үшін Сізге мыналарды ұсыну қажет:
1. Қайтып келуге куәлікті беруге жазбаша өтініш (документ Word );
2. Сауалнама (документ Word);
3. Паспорт өлшеміндегі суреттер (бас киімсіз анфансқа төрт дана, түрлі-түсті), суреттің өлшемі 3,5х4,5см;
4. Полициядан құжаттың күшін жою туралы өтініш фактісін растайтын құжат (анықтама, хаттама) (орыс тіліне аударылған);
5. Өтініш берушінің жеке басын сәйкестендіруге, оның тұрғылықты тұратын жерін және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататынын айқындауға мүмкіндік беретін суретпен құжат (әскери билет, қызметтік куәлік, ҚР азаматының жеке куәлігі);
6. Егер Сіз уақытша жол жүруге шықсаңыз (оқуға, келісімшарт бойынша және т.б.) орыс тіліне аударылған және нотариалдық конторда куәландырылған жұмыс (оқу) орнынан анықтаманы қоса беруіңіз қажет;
7. Консулдық алымды төлеу. Қайтып келуге куәлікті беруге - Money Order – 15 АҚШ доллары сомада. Жеке чектер қабылданбайды.
Құжаттарды өңдеу процесін жеделдету үшін Сіздің телефоныңызды және электрондық поштаңыздың мекенжайын көрсетуді сұраймыз.
* Ағылшын тіліндегі құжаттар орыс тіліндегі аудармасымен болуы тиіс.