Шетелде тұрғылықты тұруға арналған рұқсатты ресімдеу тәртібі
Егер Сіз АҚШ-қа жеке жол жүруге шықсаңыз және онда тұрғылықты тұруға қалуды шешсеңіз, қазақстандық билік органдарынан рұқсат алу үшін Сізге мына құжаттарды ұсыну қажет:
1. Өтініш (Нью-Йорк қаласындағы Қазақстан Республикасының Консулдығына ерікті нысанда тұрғылықты тұруға арналған құжаттарды ресімдеу туралы). Өмірбаян. Толтырылған сауалнама (документ Word, 26Kb). Паспорттың бірінші бетінің көшірмесі. Неке туралы куәліктің көшірмесі. Егер АҚШ-та некеге тұрған жағдайда, неке туралы куәлік орыс тіліне аударылуы және нотариалдық конторда нотариалдық куәландырылуы тиіс. Туылу туралы куәліктің көшірмесі. Балалардың туылуы туралы куәліктің көшірмесі. Өтініш беруші тұлғаның ата-анасының рұқсаты/қайтыс болғаны туралы куәлік. Егер бірі ҚР қалса, зайыбы/жұбайының рұқсаты. Бұрынғысының (зайыбы/жұбайы) рұқсаты. 13 жастан бастап балалардың ата-анасымен қалдыруға келісімі. Әскери билетін тапсырғаны туралы әскери комиссариаттан анықтама. Жеке куәлігін тапсырғаны туралы белгімен кету парағы. Еңбек кітапшасының көшірмесі. Паспорт. Орыс тіліне аударылған және нотариалдық конторда куәландырылған жергілікті билік органдары (Green Card Resident Alien, Social Security) берген құжаттардың көшірмелері.
2. Сурет (паспорттық өлшемде 3 дана).
3. 300 АҚШ доллары сомада Money Order консулдық алымын төлеу.
4. Егер құжаттарды пошта арқылы жіберуді қаласаңыз, кері мекенжаймен төленген USPS конверті. Өтініш FedEx, UPS, DHL конверттерін жібермеңіздер.
* Нью-Йорк қаласындағы Қазақстан Республикасының Бас Консулдығы пошталық сервиске жауапкершілік тартпайды.
Жоғарыда санамаланған құжаттар үш данада ұсынылуы тиіс. Сіздің телефоныңызды және электрондық поштаңыздың мекенжайын көрсетуді сұраймыз.
Барлық құжаттар Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдарына жіберіледі, өтінішті қарау мерзімі 5-6 ай. Қазақстандық билік тарапынан АҚШ-та тұрғылықты тұруға қалдыру туралы өтініштен бас тартылған жағдайда, консулдық алым қайтарылмайды.
Қоса беріліп отырған құжаттарды дискке сақтау үшін тышқанның ең пернесін сілтемеге басыңыз және «Save target as…» таңдаңыз.